Бүгін Алматы қаласының Бостандық ауданында, Бальзак көшесінде жеке тұрған бір қабатты СТО - ның екі боксында өрт шықты.
ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар СТО бокстарынан 2 автокөлікті эвакуациялап, олардың зақымдануын болдырмады.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілді. Оттың СТО - ның көрші бокстарына таралуына жол берілмеді.
