25.11.2025 ООБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Тұрсынғазыұлы Т., және Риддер қаласы ПБ ООБ аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Сыдықов М. Б. жоғары сынып оқушыларымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында құқықбұзушылық түрлері, құқықтық жауапкершілік және буллингтің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Полицей қызметкерлері оқушыларды тәртіп сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға, өз әрекеттеріне жауапты болуға және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға шақырды.
Кездесудің мақсаты - оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, буллингтің алдын алу және қауіпсіз, қолайлы мектеп ортасын құру.