«№10 орта мектебі» КММ
ЖИТС-мен күрес күніне арналған флешмоб
Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Біздің мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күніне арналған флешмоб өтті. Іс-шараның басты мақсаты - АИТВ/ЖИТС мәселесіне қоғам назарын аудару, денсаулыққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру және өмірге жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» деген ұранмен белсенді қатысып, өз көзқарастарын білдірді.
Бұл күн денсаулықтың - ең басты құндылық екендігін еске салып, хабардар болу мен бір-бірімізді қолдау қоғамды қауіпсіз әрі мейірімді етуге ықпал ететінін көрсетті.
Біз белсенді, саналы және салауатты өмірді таңдаймыз!