«№10 орта мектебі» КММ—нің 7–8 сынып оқушыларына арналған ТЖ қызметкерлерінің қатысуымен алдын алу іс-шара өтті.
Кездесу тақырыбы: «Жер көшкіні мен сел кезіндегі іс-қимылдар».
Спикер ретінде ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының Риддер өндірістік-эксплуатациялық бөлімінің жетекшісі А.В. Кочетков сөз сөйледі.
Іс-шара барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету алгоритмі және жер көшкіні мен сел қаупі туындаған кездегі сақтық шаралары түсіндірілді.
Осындай кездесулер оқушылардың жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге дайындайды.
Пайдалы әрі танымды әңгіме үшін ТЖ қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз!