2025 жылғы 1 желтоқсанда «№10 орта мектебі» КММ - де «Жастар» дебат клубында жоғары сынып оқушылары арасында «Сандық құқық, құпиялылық, этика: еркіндік пен тәртіп арасындағы тепе - теңдік» тақырыбы аясында ашық турнир өтті.
Дебаттың қарары: «Бұл Үкімет әлеуметтік желілер мен интернетті пайдалану кезінде анонимдік сенімділікті қамтамасыз етеді деп есептейді».
Осындай іс - шаралар оқушылардың сыни ойлауын, коммуникативтік мәдениетін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал етіп, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға әрі сандық ортада саналы әрекет ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
