2025 жылғы 29 желтоқсанда «№10 орта мектебі» КММ-де жаңа хоккей алаңының салтанатты ашылуы өтті!
Ресми бөлімнен кейін «№5 орта мектебі» КММ-нің командасымен жолдастық хоккей кездесулері ұйымдастырылды. Ойындар тартысты, қарқынды және нағыз спорттық рухта өтті
Матч нәтижелері:
Мектебіміздің кіші командасы 8:2 есебімен сенімді жеңіске жетті
Ересек спортшылар да мінез бен шеберлік танытып, ойынды 10:8 есебімен жеңіспен аяқтады
Хоккейшілерімізді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, сенімді ойын және жоғары спорттық жетістіктер тілейміз!