Құқықтық айлық «Заң және тәртіп» аясында мектебімізде 7–8 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізілді.
Кездесуге келесі құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты:
•Бисенова Гүлжайна Сүлейманқызы — Риддер қаласы прокуратурасының прокуроры, 3-сыныпты заңгер;
•Қабаев Әділ Қайратұлы — Риддер қаласы ПБ ОП ЮПИ ПДН ООБ аға инспекторы, полиция майоры;
•Ташмухаметова Аида Уалханқызы — Риддер қаласы ПБ СБН ОП инспекторы, полиция капитаны;
•Сағындықова М.С. — Риддер қаласы ПБ СБН ООБ инспекторы, полиция капитаны;
•Смағұлов С.К. — Риддер қаласы ОП ОКП жедел уәкілі, полиция капитаны.
Әңгіме барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық қол сұғылмаушылық, есірткі заттарының зияны, буллинг, адам және азамат құқықтары, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың салдары туралы түсіндірілді.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алуға бағытталды.