Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай, 1 мамырда 2 «А», 2 «Б» және 2 «В» сынып оқушылары Мәдениет сарайына барып, В.Н.Шевченконың көрмесімен танысты.
Балалар экспозицияны қызығушылықпен тамашалап, суретшінің шығармашылығы туралы жаңа мәліметтер алып, өз әсерлерімен бөлісті. Көрмеге бару тек қызықты ғана емес, сонымен қатар танымдық шара болып, олардың ой-өрісін кеңейтіп, жарқын эмоциялар сыйлады.
Осындай іс-шаралар өнерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеп, мәдениетке құрметті арттырып, бірлік сезімін нығайтады