Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«№10 орта мектебі» КММ

Мектебіміздің 4 - сынып оқушысы Таисия Процман 29 қарашада Астана қаласында өткен «UNISTAR Astana» халықаралық байқауына қатысты.

Байқау регламентіне сәйкес, абсолютті жеңімпазға байқаудың бірегей нөмірі ретінде «UNISTAR ГРАН - ПРИ - Үздік номері» құрметті атағы беріледі. Аталған жоғары атақ пен абсолютті жеңімпаз мәртебесін қазылар алқасы «Мәдениет сарайы» КМҚК жанындағы «Фантазия» вокалдық ансамбліне «Smile»композициясы үшін берді. Аталған ансамбль құрамында біздің мектебіміздің оқушысы Таисия Процман өнер көрсетті.

Сонымен қатар, «Фантазия» вокалдық ансамблі «НЕ МАЛЫШИ»және «Біз - бір отбасымыз» композицияларымен ГРАН - ПРИ мен І орынды жеңіп алды. Бұл номерлерде де 10 - мектептің оқушысы Таисия Процман қатысқан.

Сондай - ақ, Таисия Процман жеке орындауда өнер көрсетіп, құрметті І орынды иеленді.

Таисия Процманды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы шығармашылық жолына табыс тілейміз!