Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

12.06.2026 жылы мектеп жанындағы тілдік лагерьдің соңғы күні ұйымдастырылып өткізілді. Күннің негізгі мақсаты – лагерь барысында алған білімдерін қорытындылау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қызықты демалыс ұйымдастыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар лагерьде өткен тақырыптар бойынша танымдық викториналарға қатысып, өз білімдерін көрсетті. «Қазақстанның табиғаты», «Қызыл кітап», «Қазақтың ақын-жазушылары», «Экология» тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.

Оқушылар шығармашылық жұмыстарын қорғап, сурет көрмесін ұйымдастырды. Әр топ лагерь барысында алған әсерлері туралы әңгімелеп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар көңілді ойындар, эстафеталар өткізіліп, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалды.

Лагерьдің жабылу салтанатында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, алғыс хаттар табысталды. Балалар жазғы демалысты көңілді өткізіп, жаңа білім мен жақсы әсер алып қайтты.