⚡ СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ ҚУАТТЫ КҮН! 🏃♂️
Ауа райы көңілді демалысқа кедергі емес! Бүгін біздің спорттық бағдарламамыз кең спорт залына ауысып, онда лагерьдің нағыз рекордтары орнатылды.
Бүгінгі бағдарламамызда:
🏃♂️ Спорттық эстафеталар – допты жүргізу, жылдамдыққа командалық жарыстар.
🎯 «Қоңыздар, жан-жаққа!» – ептілік пен жылдам реакцияны дамытатын қызықты қимылды ойындар.
🤝 Командалық сайыс – жасақтардың ұйымшылдығын, төзімділігін және жеңіске деген жігерін сынадық.
Спорт залы жанкүйерлердің қолдауына, балалардың шат күлкісіне толы болды! фототоптаманы парақтап, жарқын сәттерімізді тамашалаңыздар және жас чемпиондарымызға ❤️ басуды ұмытпаңыздар!
#біртұтас_тәрбие #адал_азамат