Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «№10 орта мектебі» КММ-нің оқушылары «Салауатты ұлт — дені сау ел» атты жарқын флешмоб ұйымдастырды!
Оқушылар бірігіп, денсаулық — әр адамның ең басты құндылығы әрі мықты мемлекеттің негізі екенін тағы бір мәрте еске салды. Энергия, позитив, қозғалыс және командалық рух бұл күнді ерекше шабыттандырарлық етті!
Біз белсенділікті, спортты және салауатты өмір салтын таңдаймыз!
Өйткені салауатты ұлт — елдің жарқын болашағы!