Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2025 жылғы 26 наурызда А.А.Альсеитова  «Үздіктен үйрен» жобасы аясында өткен
«Республикалық "Үздік педагог — 2025" байқауы жеңімпаздарының тәжірибесін тарату» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Шабыттандыратын баяндама ұсынған — ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші  Галина Николаевна Сахарова.
Кездесу тақырыбы: "Төңкерілген сынып" моделінде жасанды интеллектті оқыту ассистенті ретінде қолдану».
Семинар барысында педагогтер өздерін оқушы рөлінде сынап көріп, жасанды интеллектті қолдана отырып "төңкерілген сынып" модулін тәжірибе жүзінде меңгерді.
Бұл қалай жүзеге асады?
1-кезең — "үй тапсырмасы"
Жасанды интеллектке дұрыс сұраныс құрастыруды үйрену: тақырыпты түсіндіру, мысал келтіру, есептің шешімін талдау, тапсырмалар құрастыру.
2-кезең — сыныптағы жұмыс
ЖИ-мен жүргізілген диалогтарды талқылау, талдау, материалды бірлескен әрекет арқылы бекіту.
3-кезең — рефлексия
Тиімділікті бағалау: жасанды интеллекттің оқу үдерісіне ықпалы және уақыт үнемдеуі.
Негізгі қорытынды: жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды — керісінше, ол көмекші құрал ретінде мұғалімге шығармашылыққа, тірі қарым-қатынасқа және материалды терең меңгеруге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.