Оқушылар үш командаға бөлініп, спорттық эстафеталар мен қимылды ойындарға қатысты. Балалар баскетбол, хоккей ойнап, шаңғы теуіп, өзара жарысты.
Әр команда ұйымшылдық, ептілік және жеңіске деген ұмтылыс танытты! Атмосфера энергияға, күлкіге және шынайы спорттық рухқа толы болды.
Осындай іс-шаралар денсаулықты нығайтып қана қоймай, командада жұмыс істеуге, бір-бірін қолдауға және белсенді өмір салтын ұстануға үйретеді!