«№10 орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары өтті.
Іс-шаралар барысында оқушылар еліміздің тарихын еске алып, тәуелсіздіктің, патриотизмнің және Отанға деген сүйіспеншіліктің маңыздылығы туралы айтты. Осындай сынып сағаттары азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды құрметтеуге ықпал етеді.