5 - 6 сынып оқушылары барлық іс - шараларға белсенді қатысты. «Жер - біздің үйіміз» және «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыптарына ең үздік плакат байқауыы жарияланып, «Мен болған елдер» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
Оқушылар үшін ерекше есте қалған іс - шара - 5 және 6 - сынып командалары өзара сайысқа түскен «Керемет бестік» викторинасы болды. Іс - шараларды дайындау мен ұйымдастыруға мектептің өзін - өзі басқару органдары, сондай - ақ 11 - сынып оқушылары - Екатерина Иванова, Захар Подкорытов үлкен көмек көрсетті.
Апталық жарқын да танымдық болып өтіп, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қоршаған әлемді танып - білуге деген қызығушылықтарын арттыруға керемет мүмкіндік болды.