«№10 орта мектебі» КММ - де 1 - 11 сынып оқушыларына арналған Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиындар өтті.
Іс - шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, соғыс қаһармандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сонымен қатар, пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды.
Біз батырларымыздың ерлігі мен оқушыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз!