Наурыз мейрамы аясында өткен ұлттық стильдегі «Наурыз-party: Дәстүрлер – ұлы мұра» кешінде белсенділік танытып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттауға қосқан зор үлесі үшін Көктем достары «№10 орта мектебі» КММ ІІІ орынмен марапатталды
Бұл жетістік – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өнер мен дәстүрді ұштастыра білген ұйымшыл ұжымымыздың еңбегінің жемісі.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушыларды дайындауға атсалысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бердыгожаева Райгүл Тоқановнаға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Бірлігіміз бекем, рухымыз асқақ болсын!