«№10 орта мектебі» КММ - нің 7 «В» сынып оқушысы Горяйнова Алинадан
Менің мектептегі күнім қоңыраудың сыңғыры мен сыныптастарымның жарқын күлкілерінен басталады. Сабақтар, жаңа білімдер, қызықты тапсырмалар және, әрине, достарыммен болатын шынайы қарым - қатынас әр күнді ерекше әрі мәнді етеді. Үзілістерде - күлкі, әңгіме және жағымды эмоциялардың молдығы, ал сабақтарда - көбірек білуге, өзімді жетілдіруге деген ұмтылыс. Мектеп - жай ғана білім алатын орын емес, ол - біздің екінші үйіміз, осында біз өсеміз, армандаймыз және өз мақсаттарымызға қадам - қадаммен жақындаймыз. Әр күн түрлі оқиғаларға, әсерлерге және кішкентай жеңістерге толы
Мен «№10 орта мектебі» КММ - де оқып жүргеніме мақтанамын!