Әсіресе «Мектептегі ең мейірімді адам» акциясы ерекше әсерлі болды. Оқушылар күн сайын айналасына көңіл бөліп, қамқорлық танытып, жақсы көңіл-күй сыйлайтын жандарды шынайылықпен атап өтті
Акция қорытындысы бойынша ең мейірімді, жанашыр қатысушылар шағын тәтті сыйлықтармен марапатталды — бұл олардың ізгі жүректеріне деген алғыс пен құрметтің белгісі.
Мектебімізде осындай адамдар саны арта берсін, өйткені дәл осындай жандар оны шынайы жылы әрі достыққа толы орынға айналдырады