Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі әлеміне қош келдіңіздер!» атты дәстүрлі онкүндік аясында 2026 жылдың 5 наурыз күні бастауыш сынып оқушылары арасында «Қызықты қазақ тілі» атты викториналық ойын өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілі бойынша қызықты сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмалар орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Аталған танымдық ойынды 10-сынып оқушылары ұйымдастырып, жүргізді. Іс-шара қызықты әрі әсерлі өтті.