Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес. Оның қоңыр үнінде халқымыздың тарихы, ата-бабаларымыздың даналығы, Ұлы даланың көркемдігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігі жатыр. Күйлер арқылы ұрпақтан ұрпаққа елдің жады, сезімі мен ұлттық рухы аманат болып жетеді.
Домбыраның күмбірлеген үні мәдени мұрамызды қастерлеуге шабыт берсін, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жүрегімізді туған елімізге деген мақтаныш сезіміне бөлесін.
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!