«№10 орта мектебі» КММ-нің өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары хореографтың жетекшілігімен «Салауатты өмір салты» тақырыбына жарқын флешмоб ұйымдастырды
Энергия, серпін және көтеріңкі көңіл күй оқушыларды біріктіріп, белсенді болу, спортты таңдау және өз денсаулығына қамқорлық жасау - заманауи әрі сәнді екенін көрсетті.
Флешмоб қозғалыс пен шабыттың нағыз мерекесіне айналып, салауатты өмір салты әрқайсымыздан басталатынын еске салды.
Алға қадам басайық, денсаулықты таңдайық және бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық!