Мектебіміздің оқушылары «Қысқы ертегі» атты қар мүсіндерін жасау байқауына қатысты!
Оқушылар қиялдарын, шығармашылық қабілеттерін және командалық рухтарын көрсете отырып, қардан нағыз қысқы ертегілерді сомдады
Белсенді қатысқандары үшін барлық қатысушыларға сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды
Балаларға еңбектері, креативтілігі және көтеріңкі көңіл-күйлері үшін алғыс білдіреміз! Қыс мезгілі әлі де мол шабыт пен қуанышты сәттер сыйласын