Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

13 наурызда мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан дәстүрлі онкүндік аясында 2 «А» сыныбында «Қазақтың ұлттық ойындары» атты танымдық әрі спорттық іс-шара өтті.

Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізге деген сүйіспеншілікті ояту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Ойын барысы
Сайысқа «Сұңқар» және «Тұлпар» атты екі команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен ойын 4 кезеңнен тұрды:

Садақ ату – мергендік пен төзімділік сыны.

Асық ату – ептілік пен нақтылық мектебі.

Бәйге – жылдамдық пен жүйріктік жарысы.

Арқан тарту – бірлік пен білектің күші.

Қорытынды
Оқушылар ерекше белсенділік танытып, жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Ойын нәтижесі бойынша:

1-орын: «Тұлпар» командасы

2-орын: «Сұңқар» командасы

Ұйымдастырушы мұғалімдер: Бердыгожаева Р.Т., Кунанбаева Ж.Т