Құрметті ата - аналар, қымбатты оқушылар!
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымының атынан сіздерді басты ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн - 16 желтоқсан - еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті күн. Ол халқымыздың еркіндікке, егемендікке және өз даму жолын дербес таңдауға деген ғасырлар бойғы арманын бейнелейді.
Қымбатты оқушылар!
Сендер - Тәуелсіз Қазақстанның болашағысыңдар! Сендерге терең білім, алға қойған мақсаттарға жетуде табандылық пен еліміздің өміріне белсене қатысуды тілейміз. Естеріңізде болсын: сендердің оқуларың, жетістіктерің мен табыстарың - Отанымыздың гүлденуіне қосқан ең маңызды үлестерің. Әрқашан білімді, саналы және отансүйгіш азамат болып өсіңдер!
Құрметті ата - аналар!
Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз, үлгілеріңіз және мектеп пен қоғам өміріне белсенді қатысуларыңыз - тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, береке - бірлік және балаларыңыздың жетістіктеріне мақтаныш тілейміз!
Құрметпен, «№10 орта мектебі» КММ - нің ұжымы.
