Бүгін «№10 орта мектебі» КММ—нің 8-сыныптарында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызы» тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өтті.
Оқушылар Ту, Елтаңба және Әнұранның жасалу тарихымен танысып, олардың әрбір азамат үшін терең мәні мен маңызын білді.
Мемлекеттік рәміздер — біздің мақтанышымыз, бірлігіміз бен отаншылдығымыздың белгісі.