Риддер қаласының «№10 орта мектебі» КММ-нің 5-сынып оқушысы Иван Кибенконы «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық балалар киносы фестивалінің облыстық кезеңінде «Анимация» номинациясы бойынша III орын иеленуімен құттықтаймыз!
Иванның шығармашылық дарындылығы, креативтілігі мен табандылығы жоғары нәтиже көрсетіп, жетістікке ұмтылыстың жарқын үлгісі болды.
Жетекшісі - Э.В.Рыльскаяға қолдауы, шабыт бергені және кәсіби жетекшілігі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!
Жаңа идеялар, жарқын жеңістер және шығармашылық табыстар тілейміз!
