Біздің мектепте прокуратурамен және қалалық білім бөлімімен бірлесіп қала мектептерінің психологтарының кеңесі өтті. Іс-шара барысында білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіздік аумағы» тақырыбындағы «№5 орта мектебі» КММ мен «Горький атындағы мектебі» КММ жобаларының таныстырылымы мен талқылауына ерекше назар аударылды.