Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі заттарын қолдануға теріс көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға баулу және психобелсенді заттарды пайдаланудың зардаптары туралы хабардарлық деңгейін арттыру болды.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
І кезең – Команданың «Визиткасы» (3 минутқа дейін);
II кезең – «Есірткіге жоқ – өмірге иә дейік!» тақырыбындағы шығармашылық нөмір (5 минутқа дейін);
III кезең – «Біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбындағы плакат / коллаж.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды тең ұпай санымен «№11 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мен «№1 мектеп-лицейі» КММ командалары иеленді. Екінші орынды «Д.Қонаев атындағы №3 орта мектеп» КММ командасы иеленді.
Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.
Іс-шара жасөспірімдердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға және денсаулық – адамның басты байлығы екендігін ұғынуға ықпал етті.