«№10 орта мектебі» КММ-де география, биология және жаратылыстану пәндері бойынша мазмұнды да танымдық апталық өтті.
Тақырыптық апта аясында оқушылар ашық сабақтарға, шығармашылық сабақтан тыс іс-шараларға, сурет пен фотосурет байқауларына белсенді қатысып, қызығушылықтарын, бастамашылдығын және жоғары дайындық деңгейін көрсетті.