Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мен өмірімнің 50 жылын ұстаздық мамандыққа арнадым.
Мектеп - менің тағдырыма, өміріме және өз үйіме айналды. Көп жылдан бері осы мектеп қабырғасында еңбек етіп келемін. Осы уақыт ішінде мен бірнеше буын оқушыларды түлеттім. Олар бүгінде елге еңбегі сіңген азамат, өз ісінің кәсіби мамандары болып қалыптасты.
Құрметті әріптестер, оқушылар, түлектер, ата - аналар!
Сіздерді осы мағыналы және әдемі күнмен - туған мектебіміздің 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
60 жыл - бұл білімге, жаңалықтарға, алғашқы жетістіктердің қуанышына, шынайы мектеп достығына, ұстаздардың даналығына және жарқын жеңістерге толы жол. Бұл - біз бірге жазған шежіре.
Құрметті әріптестер!
Сіздерге сарқылмас даналық, шабыт, шыдамдылық пен шығармашылық табыс тілеймін. Оқушыларыңыз әрқашан жетістікке жетіп, әр күніңіз мерей мен қуанышқа толы болсын.
Өзім жеті жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан сүйікті 11 «А» сыныбыма айтарым: сендер - біздің мектептің мақтанышысыңдар. Тағдыр сендерді қайда алып барса да, ұмытпаңдар: сендердің бастау алған жерлерің - осы мектеп, болашақ жеңістеріңнің берік іргетасы. Сендер - біздің бүгініміз бен болашағымыз. Білімге құштарлық, биік армандар, зор жетістіктер және жаңа жеңістер тілеймін.
Ең керемет ата - аналарға - осы жылдар бойы көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз - баға жетпес.
Туған мектебіміздің мерейтойы құтты болсын!
Жаса, өркендей бер, ардақты мектебім!
Алда әлі талай жарқын беттер, бақытты жылдар мен жаңа жетістіктер болсын!