4 «А» және 4 «В» сыныптарында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қалалардың ерлігі мен үлесіне арналған еске алу сабағы өтті. Оқушылар Жеңісті жақындатқан адамдардың батылдығы, төзімділігі мен қаһармандығы туралы білді.
Іс - шара соңында оқушылар алаңдағы Мәңгілік алауға барып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Халықтың ерлігі туралы естелік жүрегімізде мәңгі сақталады