7 сәуірде «№10 орта мектебі» КММ-де мектеп өзін-өзі басқару ұйымының белсенді қатысуымен Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған Денсаулық сағаттары өткізілді.
Іс-шара аясында оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын талқылап, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және эмоционалдық әл-ауқатты сақтау туралы әңгімелесті.
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері қызықты баяндамалар дайындап, қатарластарына денсаулыққа қамқорлық жасау — әр адамның табысты болашағына қосқан үлесі екенін еске салды.
Белсенді болыңыздар, денсаулықты таңдаңыздар және әрдайым алға ұмтылыңыздар!