«№10 орта мектебі» КММ-де «Болашақ мектебі» атты сурет байқауы өтті!
Оқушылар өз қиялын, креативтілігін және батыл идеяларын көрсетіп, ертеңгі мектепті қалай елестететіндерін қағаз бетіне түсірді: заманауи сыныптар, инновациялық технологиялар, ерекше ғимараттар мен таңғаларлық оқу тәсілдері
Әр жұмыс өзіне тән ерекше болмысымен, жарқын түстерімен және балалардың болашаққа деген шынайы көзқарасымен ерекшеленді. Байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзіндік ойларын еркін жеткізуге тамаша мүмкіндік болды
Барлық қатысушыларға шабыттары мен креативті жұмыстары үшін алғыс айтамыз!