«№10 орта мектеп» КММ-де 29 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлікте – күш» атты жарқын спорттық мереке өтті
Іс-шара дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен мектептің өзін-өзі басқару ұйымының бірлесуімен «Заң және тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылып, қала мектептерінің көшбасшылар клубтарының оқушыларын біріктірді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын — №3 орта мектеп командасы
2 орын — №12 орта мектеп командасы
3 орын — №10 орта мектеп командасы
Мереке достық, бірлік және салауатты бәсекелестік атмосферасында өтті
Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты:
— прокуратура прокуроры Осипова Л.А.
— Риддер қ. ПБ ЖПҚБ ЮПТ УИП аға инспекторы, полиция майоры Қабаев Әділ Қайратұлы
— Риддер қ. ПБ ЖПҚБ ЮПТ УИП, полиция капитаны Оралбекұлы А.
Барлық қатысушыларға белсенділік, командалық рух және көтеріңкі көңіл күй үшін алғыс білдіреміз!