Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тоқтаров к., 17а
8 (72336) 4-48-40
8 (72336) 4 -41-69
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Мектеп — жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – балаға сапалы білім беру.
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 орта мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Риддер қаласындағы «№10 орта мектебі» КММ—де орта білім туралы аттестаттарды табыстаудың ұмытылмас әрі салтанатты рәсімі өтті! Бұл күн біздің түлектеріміз үшін он бір жылдық білім жолының жарқын мәресі әрі үлкен өмірге бастар жаңа қадамы болды.
Мерекелік шараны мектеп директоры — Анастасия Юрьевна Кузнецова ашып, түлектерге өз мақсаттарына батыл қадам басып, күш-жігерлеріне сенуді тіледі. Сонымен қатар, Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Евгения Сергеевна Нужныхта түлектерді құттықтап, алға сеніммен қадам басып, алға қойған мақсаттарына жетіп, туған қаласының абыройын әрдайым асқақтатуға тілектестік білдірді.
Осы күннің ерекше мақтанышы — «Алтын белгі» төсбелгісі мен ерекше үлгідегі аттестаттың табысталуы болды. Қызу қошеметпен бұл жоғары марапатқа 11 «А» сынып оқушысы Елизавета Дмитриевна Акулова ие болды! Марапатты Елизаветаға мектеп директоры мен салтанатты шараның құрметті қонағы табыстады.
Білім бөлімі мен Риддер қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен белсенді өмірлік ұстанымы және үздік оқу жетістіктері үшін марапатталғандар:
Марьям Сайфеева 
Диас Максутов 
Диана Фёдорова 
Владислав Добыш 
Екатерина Иванова 
Қымбатты түлектер! Артта сабақтар мен емтихандар қалды, ал алдарыңда жаңалықтарға толы үлкен өмір күтіп тұр. Біз әрқайсыларыңды мақтан тұтамыз! Ересек өмір жолдарың жарқын жетістіктер мен үлкен жеңістерге толы болсын!