Онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың қазақ тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгеру деңгейін бақылау, қабілеттерін шыңдау, тіл байлығы мен ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, ұжымдық еңбекке баулу және өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.
Салтанатты шара еліміздің Мемлекеттік Әнұранымен басталып, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мектеп әкімшілігі жүрекжарды құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларға алдағы онкүндікке сәттілік тіледі.
Мерекелік бағдарлама аясында:
Оқушылар қазақ тілі туралы жалынды жырларын оқып, тілге деген сүйіспеншіліктерін білдірді;
Мың бұралған бишілеріміз ұлттық билерімізді нақышына келтіре орындап, сахнаға ерекше сән берді;
Әсем әндер шырқалып, мектеп ұжымына көтеріңкі көңіл-күй мен патриоттық рух сыйлады.
Қазақ тілі – ұлттың жаны, елдің айнасы.
Тіліміз тұғырлы, рухымыз биік болсын!