Бүгін біздің мектепке құрметті қонақтар келді
Білім бөлімінің басшысы Батырбек Алтынбайұлы Әбиев қалалық байқаулар мен жобаларда лайықты жеңістерге жеткен оқушыларымызды құттықтап, жоғары жетістіктері үшін оларға Құрмет грамоталарын табыстады
Сондай - ақ, «Педагогикалық идеялар фестивалі-2025» байқауында жүлделі орындарға ие болған педагогтерімізге де жылы лебіздер айтылды. Мектебіміздің даңқын еңбегімен, талантымен және табандылығымен асқақтатып жүрген ұстаздарымыз бен оқушыларымызды мақтан тұтамыз!
Баршаңызға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жеңістер және шабыт тілейміз!