Бүгін, 16 ақпанда, «№10 орта мектебі» КММ-де салтанатты мектеп жиындар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталып, күнге ерекше патриоттық рух сыйлады 🇰🇿
Жиында оқушылардың жетістіктері аталып, оқу мен мектеп өміріне белсенді қатысқандары үшін оқушылар марапатталды. Сондай-ақ «Құстар үйі» акциясына қатысқан көркем еңбек пәнінің мұғалімі С.С.Горбунов пен оқушыларға бастамашылдығы, еңбегі және табиғатқа жанашырлығы үшін алғыс айтылды.
Каратэ жаттықтырушысы Б.А.Завадский мектеп оқушыларының спорттағы жеңістері туралы айтып, барша ниет білдірушілерді каратэ үйірмесіне қосылуға шақырды. Оқушыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз және жаңа жеңістер тілейміз!
Барлық марапатталғандарды құттықтаймыз, оқуда, шығармашылықта және спортта толағай табыс тілейміз