Алға, құтқарушылар!
Мектебімізде 6-сынып оқушылары арасында «Алға, құтқарушылар!» атты байқаудың мектепішілік кезеңі өтті.
Оқушылар қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгергендерін, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете алатынын және алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Барлық командалар белсенділік, ұйымшылдық және нағыз командалық рух танытты
Байқау қызықты, қарқынды әрі танымды өтті. Қатысушылар тек жарысып қана қоймай, өмір мен денсаулықты сақтауға көмектесетін маңызды білім алды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!