5-6 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша мерекесін мектептің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері ұйымдастырып, өткізді
Оқушыларды көтеріңкі көңіл күй, қызықты ойындар мен байқаулар, әуен мен жағымды эмоциялар күтіп тұрды. Мереке балаларға тамаша көңіл күй сыйлап, сиқырлы жаңа жылдық атмосфера мен нағыз мерекелік рухты сезіндірді
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне бастамашылдығы, шығармашылығы және жарқын әрі есте қаларлық мереке ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!