25 мамырда «№10 орта мектебі» КММ—нің 5–10 сынып оқушылары үшін оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті
Бұл күні жетістіктерге, жеңістерге және жарқын оқиғаларға толы оқу жылының қорытындылары шығарылды.
Оқудағы жетістіктері, мектеп өміріне белсенді қатысқаны, мектеп парламенті мен «Күш бірлікте» көшбасшылар клубындағы жемісті еңбегі үшін оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды
Баршаңызды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Жазғы демалысты көңілді өткізіп, жаңа әсерлер мен алдағы уақытта толағай табыстарға жете берулеріңе тілектеспіз!