Құттықтау сөзімен және «Педагог-зерттеуші моделі: функционалдық сауаттылықтан инновациялық тәжірибеге дейін» тақырыбындағы баяндамамен директор А.Ю.Кузнецова сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол зерттеушілік қызметке қабілетті, инновацияларды енгізе алатын және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын заманауи педагогті қалыптастырудың негізгі аспектілерін ашып көрсетті.
Іс-шара аясында «Математика мен информатиканы оқытудағы инновациялық әдістемелер және сандық шешімдер» секциясында спикер ретінде А.А.Альсеитова баяндама жасады.
Өз сөзінде ол заманауи білім беру технологияларын енгізу, тиімді оқыту әдістемелері мен сандық құралдарды қолдану бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті, бұл тәсілдер білім алушылардың уәждемесін арттырып, математика мен информатиканы оқыту үдерісін интерактивті әрі нәтижелі етеді.
Осындай кездесулер – кәсіби диалог құруға, тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы жаңа жетістіктерге шабыттануға мүмкіндік береді