Кездесу барысында педагогтер оқытудың заманауи тәсілдерін, цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін және білім сапасын арттыру мен оқушылардың қызығушылығын күшейту мақсатында жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдарын талқылады.
Тарих сабақтарында жасанды интеллект технологияларын пайдалану бойынша кәсіби тәжірибесімен Алмуратова А.В. бөлісті. Қатысушылар тиімді жұмыс тәсілдерімен танысып, тәжірибелік ұсыныстар мен білім беру үдерісіне енгізуге арналған тың идеялар алды.
Әріптестерімізге белсенділік танытып, жаңашылдыққа ұмтылып, тарих сабақтарын одан әрі заманауи әрі қызықты етуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
