2026 жылдың 1 маусымында, «№10 орта мектебі» КММ-де 2-5 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен тілдік дағдыларды дамыту жазғы лагері өз жұмысын бастады.
Биылғы маусымның алғашқы кезеңі «Отан — отбасынан басталады» деп аталатын 1-модуль аясында өтуде.
Тілдік лагерьдің салтанатты ашылу рәсімінде балалар алдағы мақсат-міндеттермен танысты. Сабақтарға жан бітіріп, балалардың қызығушылығын арттыру үшін «Қазақ тілін қаншалықты білесің?» атты диалогтық алаң ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, бүлдіршіндер Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Әр бала бақытты болуға лайықты!» атты қалалық мерекелік іс-шараға мектеп жанындағы лагерь тартылымдарымен бірге барып, қуанышқа кенелді.
#біртұтас_тәрбие #адал_азамат