2025 жылғы 18 қазанда «№10 орта мектебі» КММ - де Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу барысында маңызды мәселелер қарастырылды:
- Кеңес төрағасы мен хатшысын сайлау;
- Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Отырыстан кейін Кеңес мүшелері мектеп директоры А. Ю. Кузнецовамен бірге мектеп аумағын аралап, келесі жылға арналған бюджеттік өтінімді дайындау мақсатында ғимараттың проблемалық учаскелерін қарап шықты.
Барлық қатысушыларға белсенді ұстанымы мен мектеп игілігі жолындағы бірлескен жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз!