«№10 орта мектебі» КММ-де 5-6 сынып оқушыларының ата-аналары үшін ата-аналар жиналысы өтті
Тақырыбы: «Жауапкершілік пен заң: салық саласындағы азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру» (АПҚО - ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы аясында)
Кездесу барысында ата-аналар салықтардың балаларымыздың өміріне қалай тікелей әсер ететінін білді:
мектептер мен балабақшалар
медицина
қауіпсіздік
жолдар
білім беру және даму
Интерактивті ойындар мен топтық жұмыстар кезінде қатысушылар «мектеп бюджетін» бөліп көріп, жөндеу жұмыстары, үйірмелер, техника және қауіпсіздіктің жүзеге асуына дәл осы салықтар мүмкіндік беретінін түсінді.
Рефлексия барысында ата-аналар заңға бағынған мінез-құлықтың жеке үлгісі – болашақта жауапты азамат тәрбиелеудің маңызды бөлігі екенін атап өтті.